Еңбек күні: құрмет пен алғыс

26 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары үшін «Еңбек күні: құрмет пен алғыс» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты еңбек адамдарына құрмет көрсету, жастарды еңбекқорлыққа, адалдыққа, табандылыққа тәрбиелеу. Курсанттар еңбек туралы өлеңдер оқып, нақыл сөздерден үзінділер келтірді. Шара жоғары деңгейде өтті, қатысушылар ризашылықтарын білдірді.