Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары үшін республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жыл кітабын бірге оқимыз» атты әдеби сағат өткізді. Курсанттар биыл таңдалынып алынған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденов пен жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығымен танысты. Өздері дайындап келген шығармалардан үзінді оқыды. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілген іс-шара оқырмандардың рухани дүниесін байытып, отансүйгіштік сезімін арттырды.