Қарттарым асыл қазынам

1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай  Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залы секторы әлеуметтік желі қолданушылары үшін   «Қарттарым асыл қазынам» инфотайм ұйымдастырды.  Асыл қарттарымыз  үшін ерекше күн. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген өскелең ұрпаққа ізеттігін аямайтын, бір қауымға бас-көз бола білген аға – апаларымыздың орны ерекше. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.