1 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылымикітапханасы Халықаралық қарттар күніне орай, Мейірім мен ықылас библиомикс аясында «Доброе сердце» қарт адамдар мен қиын жағдайға тап болған жандарға арналған пансионатқа арнайы барды.
Кітапхана қызметкерлері осы мекемеде тұрып жатқан жандарға мейірім мен ықылас танытып, қуаныш сыйлады. Қонақтар пансионат тұрғындарына кітапхана қызметі туралы ақпарат беріп, арнайы дайындаған кітаптарын тарту етті. Сонымен қатар тәтті тағамдар мен түрлі сыйлықтар ұсынып, олардың көңілін бір серпілтіп қайтты.