3 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі ақын, әнші композитор Иса Байзақовтың 115 жылдығына «Күнтізбе беттерінен» экспрес-көрме ұйымдастырды. Иса Байзақов 40-тан астам әннің сөзін жазып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіртіпті. «Заулатшы-ай», «Қалқа», «Ісмет», «Назқоңыр», т.б. әндерінің сөздерін жаңа заманға, өмір салтына сәйкес қайта өңдеп жазған. Исаның жазған әндері «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын» операларына да енген.