Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына

3 қазан күні М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мекеме колледж студенттеріне арналған «Жыр жұлдызы – Жұбан Молдағалиев» атты поэзия кешін өткізді. Іс-шара ақынның 105 жылдығына арналды.
Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, оның өлеңдері оқылып, олардың мәні мен маңызы ашып көрсетілді.