
Іс-шараның мақсаты — жастардың бойында адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ еңбекке адал көзқарасты насихаттау болды.
Кездесу барысында студенттер өмірін еңбекке арнаған азаматтардың өмір жолымен танысып, олардың адал еңбегі мен маңдай термен тапқан табыстары жайында ой бөлісті. Қатысушылар еңбек адамының қоғамдағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, ондай жандардың өмірі мен ұстанымын үлгі ету қажет деген пікір білдірді.
Шара соңында жастар адал еңбекпен жеткен табыстың әрқашан баянды болатынын айтып, өз болашақтарына сеніммен қарайтындарын жеткізді.