Ұлттық диктант

8 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының шығармашылық қызметкерлері және Ақмола облысының мемлекеттік кітапханалар желісіне біріктірілген 20 орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 329 кітапхана сағат 10:00-де «Ұлттық диктантқа» бір мезгілде қатысты.
Бұл іс-шараны «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды және ол Қазақстан халқы тілдері күніне және халық мұғалімі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналды. Диктант онлайн және офлайн форматтарында өтті. Қатысушылар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қарай екі мәтіннің бірін — «Оқу жайы» немесе «Отан» — таңдады. Мекеме қызметкерлеріне диктант мәтінін Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры – Оспанов Қуаныш Ерғалиұлы оқыды.
Іс-шараға кітапхана мекемесінің 50 шығармашылық қызметкері қатысты және олар мемлекеттік тілді жақсы меңгергендерін көрсетті: шығармашылық ұжымның 25%-ы бес балдық жүйе бойынша «5», 70%-ы «4», ал небәрі 5%-ы «3» деген баға алды.
Мұндай іс-шаралар қатысушылардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығы мен ынтасын арттырады.