«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында

8 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары үшін «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Қазақ прозасының рухани шамшырағы – Тәкен Әлімқұлов» атты BIBLIOMIX өткізді.
Іс-шараның мақсаты қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, сыншы және аудармашы Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Кітапханашы курсанттарды жазушының өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстырды. Олар өз кезегінде жазушының «Қараой», «Сейтек сарыны», «Кербұғы» шығармаларынан үзінділер оқыды.