9 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері үшін Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай жолымен» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және адамгершілік, рухани құндылықтарға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Абайдың даналық сөздері, өлеңдері мен қара сөздеріндегі тәрбие, еңбек, білім тақырыбы кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ақынның шығармаларының қазіргі қоғам үшін маңызын атап өтті.