Cеминар-практикум «Кітапхана жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану»

М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен 2025 жылғы 14 қазанда сағат 10:00-де Қосшы қаласының Орталық қалалық кітапханасында «Кітапхана жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбындағы семинар-практикум өз жұмысын бастады.
Семинар қатысушыларын тәжірибе алмасу, заманауи тәсілдер мен жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы кітапханаларды дамытуға арналған тиімді шешімдерді талқылау күтеді.