2 қазан шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан! Патриотизм глазами детей. Patriotism Through the Eyes of Children» тақырыбында «LingvaRoom» жобасы аясындағы отырыс өтті.
Ұлттық мереке – Республика күні еліміздің құрылу жолындағы үлкен де маңызды қадамдарының бірі. Қатысушыларға Қазақстанның төл мерекесі жайлы тарихи ақпарат ұсынылып, жаңа деректер таныстырылды. Жас ұрпақ туған жері мен елін ардақтап өтуге, сыйлауға бағытталған қадамдарымен бөлісіп, пікір алмасуға мүмкіндік берілді. Айтарлықтай маңызға ие мереке Отанымыздың егеменділігін қорғауға, ел тарихын біліп, патриотизм рухына тәрбиелеуге көмектеседі.
Елімізге бейбіт ғұмыр мен жарық болашақ тілейміз! Қазақстанымыз күн сайын гүлдене берсін!





