Республика күні: Ұрпақ сабақтастығы

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері 25 қазан – Республика күніне арнап, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Республика күні: Ұрпақ сабақтастығы» атты кездесу кеш ұйымдастырды. Кеш жастардың бойындағы Отанға деген құрметтерін арттырып, патриоттық тәрбие беру мақсатында өтті.
Кітапхана қызметкерлері еліміз үшін Республика күнінің мәні мен маңыздылығына тоқталып, Отан жайлы жыр оқыды. Жастар да елдің тарихын, егемен еліміздің қасиетті де құнды АНА ТІЛІН, ТӘУЕЛСІЗДІГІН, ОТАННЫН мақтан етіп, махаббаттарын жеткізді.
Елдің ертеңі үшін аянбай тер төккен, қай мана басын қауіпке тіккен халқымыздың батыр ұлдарының ерліктері де ұмыт қалған жоқ. Сонау Керей мен Жәнібектен бастап, Алаш қозғалысының қайраткерлері, Екінші Дүниежүзілік соғыстағы қазақтардың өшпес ерліктері айтылды. Олардың қазақ деген ұлт үшін істеген асыл еңбектері бүгінгі біздің жарқын өміріміз. Осы төңірегінде жастар тарапынан ой толғау болып, әдеби кеш өз мәнін тапты.