Джанни Родари – танымал итальяндық балалар жазушысы

ДЖАННИ РОДАРИ – танымал итальяндық балалар жазушысы, әңгімеші және журналист.

Бала кезінен болашақ жазушы кітап оқуға және сурет салуға көп уақыт бөлді. Өткір ақылдылығымен және үлкен білімімен ерекшеленіп, бастауыш сынып мұғалімі болды. Ол балалармен шебер тіл табыса алды, оларды сабаққа баурап, күрделі тақырыптарды оңай үйрете білді. Джанни Родари репортер, содан кейін балалар газетінің редакторы болып қызмет атқарды. Шамамен 30 жасында жазушылықтағы алғашқы қадамдарын бастап, өлеңдер, ертегілер мен әңгімелер жаза бастайды. Алайда, қалам шеберінің ең танымал және балалардың ең сүйікті ертегісіне айналған туындысы – «Чиполлиноның шытырман оқиғалары» болды.

Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі ұлы тұлғаның 105-жылдығына орай «Италияның ұлы ертегішісі. Сказки из Италии. Tales from Italy» атты медиавояжды оқырмандар назарына ұсынады.