30 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, Қазақ КСР халық әртісі Евгений Григорьевич Брусиловскийдің 120 жылдығына орай «Евгений Брусиловский – Қазақ КСР Халық әртісі туралы фактілер» атты ақпарат ұйымдастырды.Евгений Брусиловский — қазақ музыка өнерінің қалыптасуында тарихи рөл атқарған тұлға. 1933 жылы Қазақстанға келіп, қазақтың кәсіби музыка мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосып, ұлттық рухты, халықтық әуендерді симфония мен опера тіліне енгізіп, қазақ мәдениетін әлемдік деңгейге көтерген.
1934 жылы алғаш рет қазақ фольклорына сүйеніп жазылған «Қыз Жібек» операсын дүниеге әкелді. Бұл шығарма қазақ операсының жаңа дәуірін ашты. Кейін «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан» сияқты классикалық туындыларды жазып, ұлттық музыка тарихында өшпес із қалдырды.
Брусиловский көптеген қазақ халық әндерін оркестрге түсіріп, оларды кәсіби деңгейге көтерді. Сондай-ақ, ол қазақтың алғашқы кәсіби музыканттарын тәрбиелеген ұстаз болды.
1936 жылы Евгений Брусиловскийге Қазақ КСР халық әртісі атағы берілді. Бұл атақ оған қазақ музыкасына сіңірген еңбегі үшін берілген әділ баға еді.
Бүгінде оның шығармалары қазақ мәдениетінің алтын қорына енген. «Қыз Жібек» пен «Ер Тарғын» опералары еліміздің театр сахналарынан түспей, ұрпақтан ұрпаққа рухани мұра болып жалғасуда.
Евгений Брусиловский – ұлттық өнердің дамуына жанын арнаған, қазақ халқының музыкасын әлемге танытқан ұлы тұлға.
