Біз есірткісіз қоғамды таңдаймыз!

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттеріне «Біз есірткісіз қоғамды таңдаймыз!» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің адам өміріне және қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру мақсатында өтті. Іс-шара соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, есірткісіз қоғам құруға атсалысу қажеттігін атап өтті.