Ұлт зиялысы — Шоқан Уәлиханов

4 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, ағартушы Ш.Уәлихановтың 190 жыл толуына орай «Ұлт зиялысы — Шоқан Уәлиханов» атты портреттік кешін өткізді. Іс-шараға Ауыл партиясы өкілдерімен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында студенттер Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, ғылыми ізденістері мен саяхаттары туралы жан-жақты ақпарат алды және алған ақпараттары бойынша шағын викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара соңында «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ғұлама ғалымы» тақырыбында көрмеде ғалымның зерттеу еңбектері, сапарлары мен көрнекі материалдарымен танысты.