Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау

6 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде республикалық «Әділ қоғам» жобасы аясында «Күннен туған, Ғұннан туған пайғамбар» атты әдеби кеш өткізді. Тағырыптан-ақ іс-шараның Алаш қайраткері, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, ұлы ақын Мағжан Жұмабаевқа арналғанын білуге болады.
Әдеби кеш ақын шығармашылығы арқылы жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани тәрбие беру, әдебиетке деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндама жасалды және жастар оның өлеңдерін жатқа оқып, мағынасын аша білді. Мағжан Жұмабаевтың ұлтқа, тілге, жерге деген махаббатын өз сөздерімен, өз көзқарастарымен баяндады. Мағжан поэзиясындағы ерлік, елдік, жастық рух кеңінен ашылды.
Іс-шара мәнді де мазмұнды өтті. Жастар Мағжан поэзиясының рухани биіктігін сезіне білді.