МАРГАРЕТ МИТЧЕЛЛ – «Унесенные ветром» романымен бүкіл әлемге танымал болған жазушы.
Жас кезінен білімге құмар бала болып өседі: кино өнеріне, шытырман оқиғалы романдарға, және көркемөнерге жақын болды. Драма үйірмесін де құрған екен. Журналистика саласына да үлкен қызығушылық танытты. Мектеп жылнамасының редакторы да болып, әдеби ұйымның төрағасы қызметін атқарды.
Әйгілі «Унесенные ветром» романы Маргаретке нағыз даңқ пен құрмет әкелген әдеби туынды. Кітап алғаш рет 1936 жылы жарық көрді. Әлемнің әртүрлі тілдеріне аударылып, 100-ден астам рет қайта басылып шықты. Тіпті біраз уақыт «ғасыр кітабы» деп аталып жүрген екен.
Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі жазушының 125-жылдығына арналған «Көрнекті американдық жазушы. Унесенная ветром успеха. Gone with the Wind of Success» атты медиавояжды ұсынады.
