Happy Englis

«Сөздік – кітаптардың кітабы»
                                                  А.Франс
12 қараша күні “Happy English” ағылшын клубының отырысы өтті.
Тақырыбы: сөздікті қолдана білу.
Сөздік – бұл керемет кітап. Ол хикаяларды айтып, кейіпкерлерді суреттемейді, алайда, сөздіктер рет-ретімен ұқыпты жиналған бүкіл ғаламшарды ашады. Бүгінде сөздіктерді ғаламтордан жеңіл табуға болады. Дегенмен, оларды көру және қолдарыңызда ұстау үшін кітапханаға келген жөн. Балаларды сөздердің қызықты әлеміне баулу біздің басты мақсатымыз болды және біз оны сәтті орындадық!