Асқар Тоқмағамбетов

Асқар Тоқмағамбетов – ұлт руханиятының шамшырағы
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сатирик ақын, драматург Асқар Тоқмағамбетовтің шығармашылығына арналған «Асқар Тоқмағамбетов – ұлт руханиятының шамшырағы» атты дөңгелек үстел өткізді. Шараның негізгі мақсаты – ақынның бай әдеби мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа деген көзқарасын қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Асқар Тоқмағамбетовтің өмір жолы мен шығармашылық ерекшелігі, поэзиядағы азаматтық үн мен сатиралық сарынды кеңінен талқылады. Ақынның әдебиеттегі орны, қоғамға айтқан уытты сыны мен терең философиялық көзқарастары туралы кітапхана қызметкерлері мен шақырылған әдебиетші мамандар мазмұнды баяндамалар жасады. Асқар Тоқмағамбетовтің өлеңдерінен үзінділер оқылып, оның публицистикалық және драмалық мұраларының бүгінгі күнмен үндестігі жайында пікір алмасу болды.
Шараға колледж студенттері қатысты. Студенттер ақын шығармаларын оқумен қатар, дөңгелек үстел форматындағы талқылауға белсене қатысты.
Кеш соңында қатысушылар Асқар Тоқмағамбетовтің рухани мұрасы қазақ әдебиетінің алтын қазынасы екендігін атап өтіп, осындай танымдық іс-шаралардың жалғаса беруі қажет екенін жеткізді. Дөңгелек үстел мазмұнды өтіп, әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға өз үлесін қосты.