Таза су – денсаулық кепілі

13 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы студенттер үшін «Таза су – денсаулық кепілі» тақырыптық кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, таза судың адам денсаулығы мен өміріндегі маңызын түсіндіру, табиғатты қорғауға және суды үнемдеуге баулу. Шара барысында кітапхана қызметкері судың адам өміріндегі алатын орны мен маңыздылығына тоқталды. Кеш барысында студенттерге судың ластануы мен оны тазарту жолдары туралы мәліметтермен бөлісіп, тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берді.