«Балаларға жүрек жылуы» кездесу-тренинг

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Мейірім шуағы» жобасы аясында ерекше балалалар мен аналар үшін «Балаларға жүрек жылуы» кездесу-тренингін өткізді.
Тренингке ерекше бала тәрбиелеп отырған «Ананың жолы» қоғамдық бірлестігінің аналары және ерекше балалар қатысты.
Арнайы осы шара үшін отбасылық психолог және медиатор Наталья Шаврова шақырылды. Іс-шараның мақсаты ерекше балаларға және аналарға психологиялық қолдау көрсету. Психолог «Эмоционалдық қажуды алдын алу», «Ата-ана және бала арасындағы сенім көпірі» тақырыбында қысқа дәріс өткізіп, практикалық жаттығулар жасатты.