Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары жазушы, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның еңбек сіңірген ғалым қайраткері, Қазақстанның академигі, педагог, қазақ әдебиетіндегі рухани асыл қазынаның зерттеушісі мен жинаушыларының бірі, фольклортанушы, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай №6 ОМ-тің оқушыларына «Әрі каһарман, әрі ғалым» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: жерлесіміз, мақтанышымыз, Батыр атамыздың өмір жолынан мағлұмат беру, ерліктерін, артында қалдырған өсиет сөздерін үлгі ету, оқушыларды шығармашылыққа, іздемпаздыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу.








