Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов және қазақ мәдениеті» атты дөңгелек үстел өтті. Ғалымның қазақ қоғамындағы шоқтығы биік тұлға екендігін түсіндіру, оның зерттеулері мен шығармашылығын насихаттауға арналған шараға «Бурабай» колледжінің студенттері қатысты.
Шара барысында ғалым жайлы деректер айтылды. Оның келешекке қалдырған еңбектерін жастар да жарыса айтты. Жастар кітапхана қызметкерінің Шоқан Уәлиханов жайлы қордан жинақтаған бейнеролигін көріп, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында ғалымның кітаптарын таныстырып, оқырман ретінде пікір алмастық.