Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері №12 мектепте жазушы, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалиннің 140 жылдығына арнап, «Бегалиннің балаларға арналған шығармалары» атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл шара оқушыларға жазушының шығармаларын насихаттау, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, балалар әдебиетіне деген махаббаттарын күшейту мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде Сапарғали Бегалиннің шығармалары талқыланды. Жазушының шығармаларындағы тәрбиелік мәні мен оның маңызына ерекше тоқталып, пікір алмасты.
Кітапхана қызметкері жазушының кітаптарын таныстырып, оны оқушылардың қызыға оқуларына кеңес берді. Оқушылар шара соңында Сапарғали Бегалиннің бұрын оқыған шығармаларын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті.






