Алаш ардагері – Дулатов мұрасы

«Алаш ардагері – Дулатов мұрасы» атты тағылымды естелік кеші Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шарада көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы, ұлт ұстазы Міржақып Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталды.
Кеш барысында Алаш идеясы, Дулатовтың публицистикалық, әдеби мұрасы және оның қазақ қоғамына қосқан үлесі жайлы танымдық баяндамалар жасалды. Студенттер мен оқырмандар ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, тарихи тұлғаның тағылымын терең түсінуге мүмкіндік алды.
Мұндай еске алу кештері – ұлттық рух пен тарихи жадты жаңғыртудың жарқын үлгісі.