Марк Твен

Бүкіл әлемге танылған американдық жазушы – Марк Твеннің туғанына биыл 190 жыл толып отыр.

Әдебиеттің әртүрлі жанрларында шығармалар жазған Марк Твен, сондай-ақ, журналистика саласында да еңбек етті. Көпшілік алдында жиі сөз сөйлеп, шешендікке жақын тұлға және әңгімеші ретінде оның тағы бір таланты ашылды. Әрқашан қарапайым адамдардың мүддесін қорғап жүрді. «Том Сойердің бастан кешкендері» романынан кейін, оның кейіпкерлер шебері және тамаша әзілқой ретіндегі беделі артты. Америкалық реализмнің негізін қалаушы ретінде, Марк Твен өзінің атағын пайдаланып, жас әдеби таланттарды ашуға және олардың дамуына көмектесіп, көп ықпал етті.