Үкілі Ыбырайдің 165 жылдығына орай

27 қараша  күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі Үкілі Ыбырайдің 165 жылдығына орай «Гәкку деп жаңғырған аққу арман» тарихи time ұйымдастырды.

Халық арасына ұлы композитордың 50-ге тарта әні жетіпті. Үкілі Ыбырай әндерінің алтын қорда қордаланып сақталуына, әлбетте, қазақтың 1000 әнін жинап нотаға түсірген А.Затаевич сіңірген еңбек баға жеткісіз. Үкілі Ыбырай әндері халқымыздың мәңгі өшпес рухани азығына айналды. «Гәкку» әнінің дүниеге келген тарихынан сыр шертсек, ол да, Үкілі бабамыздың жалынды жастық шағында дарынды ақын, әнші ретінде шартарапқа атағы жете бастаған кезінде туыпты. «Гәкку» Үкілі Ыбырайдың бір көргенде ғашық болған Кәкима атты сұлуға арнаған асыл туындысы. Бұл ән асқақ шабыттың қызған мезетінде алабұртып, үстірт туған әдеттегі ән емес, ол терең тебіреніс, үлкен толғаныспен ақынның жан-жүрегін қисапсыз қиындыққа салған, ең құдіретті шағында шыққан дербес әні. Бұл ән әуенінің әсемдігі мен көркемдігі, сиқырлы сарынының тартымдылығы, композиторлық шеберлігі жағынан қазақ әндерінің де жарқын жұлдыздарының арасынан көрінеді.