Магжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы публицист, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Ақмола облысының Қоғамдық кеңес мүшесі — Алия Қойшыбаевна Ахетованы туған күнімен құттықтайды.
Алия Қойшыбаевна Ахетова — публицист және педагог. Ол оннан астам кітаптың авторы. Өмірді сүюге және сөздің қадірін білуге үйрететін шығармалар жазады. Белсенді азаматтық ұстанымы бар, өткір сөзімен дараланған тұлға. Біздің кітапханамыздың тұрақты әрі қадірлі оқырманы, көптеген іс-шаралардың қатысушысы және модераторы.
Сізге мықты денсаулық, сарқылмас шығармашылық шабыт, барлық бастамалар мен жоспарлардың орындалуын, толайым табыс, қуаныш пен бақыт, ұзақ жылдарға жететін жігер мен позитив тілейміз!



