1 желтоқсан күні 2025 жылы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» науқаны «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» ұранымен өтуде.
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің заң факултетінің 2 курс студенттеріне «Қатыгездікке қарсылық» атты ақпараттық сағат өткізілді. Бұл ақпараттық сағатта слайд көрсетіліп, содан соң студенттерге сұрақ – жауап қойылып, диалог жүргізілді.







