2 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі «Әйел – өмір тірегі» сурет көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала тәрбиесіндегі ата – ананың ролі, өзара түсіністік пен сыйластық, отбасы құндылықтарын насихаттау. Әр оқушы өз жұмысында- отбасында махаббат, қамқорлық, бақыт пен сенімге толы болуы керектігін көрсетті.



