«Әділ қоғам» республикалық жобасы аясында

2 желтоқсан күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі әдебиеттанушы ғалым, ұстаз, ф.ғ.к., доцент, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің аға оқытушысы, профессор Жәмбек Сәбит Нұрмұхаметұлымен сұхбаттасып, жыраулар поэзиясы тақырыбына арналған «Көне жырдың көкжиегі» моноподкастын өткізді. Бейнематериалда ғалым С. Нұрмұхаметұлы жыраулар поэзиясы, өкілдері, оның қазақ руханиятындағы, тарихы мен әдебиетіндегі орны, бүгінгі ақындармен сабақтастығы жайында баяндайды.