1-2 желтоқсан күндері М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мәдениет ұйымдары қызметкерлеріне «Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект» тақырыбында курс ұйымдастырылды.
Курстың авторы әрі жетекшісі – ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысының ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары, IT саласының білікті маманы Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов тыңдаушыларға жасанды интеллекттің заманауи технологиялары, олардың негізгі қағидаттары және мәдениет саласындағы тиімді қолдану мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.
Ақмола облысының 80 маманы оқыту бағдарламасын толық меңгеріп, белгіленген үлгідегі сертификаттарға ие болды.
Инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған курста теориялық және практикалық білімдер мәдениет саласындағы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыруға, жаңа технологиялық шешімдерді жүйелі түрде қолдануға және жасанды интеллектті кәсіби қызметтің ажырамас бөлігі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.
