Смағұл Садуақасовтың 125 жылдығына арналған

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Алаштың асыл перзенті – Смағұл Садуақасовқа 125 жыл» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. ХХ ғасырдың басындағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш ардақтысы, публицист, білім саласының жанашыры – Смағұл Садуақасовтың 125 жылдығына арналған тарихи-танымдық кеште студенттерге тың ақпараттар,  тарихи деректер айтылды. Іс-шараның мақсаты – Алаш ұрпағының ерен еңбегін ұлықтап, жастарға Смағұлдай тұлғалардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін үлгі ету, ел тарихына деген қызығушылықты арттыру, патриоттық рухты ояту болды. 

Кеш барысында С. Садуақасовтың өмірі мен қызметін қамтитын кең көлемді презентация ұсынып, оның ағартушылық, публицистикалық және саяси мұрасына шолу жасалынды. Қатысушылар назарына «Ұлт үшін туған Смағұл» атты кітаптар көрсетілді, .көрмесі ұсынылып, ондағы сирек деректер мен еңбектер таныстырылды.

Шараға жергілікті жоғары оқу орындарының оқытушылары, колледж студенттері, жас оқырмандар қатысты. Қатысушылар Алаш зиялыларының ел тәуелсіздігі жолындағы күресі, Садуақасовтың жастар саясатына қосқан үлесі, ұлт интеллигенциясының ішкі бірлігі мен мұраты туралы өз ойларын ортаға салып, белсенді пікір алмасты.