8 желтоқсан — Халықаралық суретшілер күні. Бұл кәсіби суретшілермен қатар сурет салуды ұнататындардың да мерекесі. Көпшілік үшін сурет өнері керемет хобби болып табылады. Суретші адам жанын, оның шаттығы мен мұңын, қуанышы мен сүйінішін, ішкі ой арпалысын тереңнен түсіне білген және айналадағы табиғат құбылыстарымен адам көңіл-күйін шендестіре отырып, өз шығармалары арқылы соларды көпшілікке шебер жеткізе біледі.
Қазақстандағы сурет өнерінің кәсіби мектебі ХХ ғасырдың 20-шы жылдары құрылды, ал оның қайнар бастауында Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеев тұрады.

