10 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №2 мектеп лицейінің оқушылары үшін Халықаралық адам құқықтары күніне орай «Адам құқығы – ең басты құндылық» атты диалог кешін өткізді. Іс-шараның мақсаты қатысушыларға адам құқықтары туралы түсінік беру, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген негізгі құқықтар мен бостандықтар жайлы ақпараттандыру, құқықтық мәдениетті арттыру. Оқушыларға бейнематериал көрсетіліп, адам құқықтарының сақталуы мен бұзылуына қатысты мысалдар талқыланды. Шара соңында қатысушылар сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.





