11 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы елдіктің рухын асқақтатқан «Азаттықтың ақ таңы» атты патриоттық кеш өтті. Кеш Тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру, жас ұрпақтың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікті сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.
Бейнероликтер арқылы ел тарихындағы ең күрделі кезеңдер – «Ақтабан шұбырынды», отарлық зобалаң, Алаш арыстарының азаттық жолындағы жанкешті күресі көрсетілді. Жәнібек пен Керей хандардың ел іргесін қалаған сәтінен бастап, Тәуелсіздік таңы атқан 1991 жылға дейінгі тарихи жол көркем сахналық шежіреге айналғаны айтылды.
Бұл – өткенге тағзым, ерлікке құрмет, Тәуелсіздікті насихаттау кеші болды. Кеш соңында студенттер ел мен жер туралы терең ой қозғап, өз әсерлерімен бөлісті. Кітапхана бастамасымен өтетін мұндай рухты көтеретін мазмұнды іс-шаралар жалғасын табады.




