Жылдың үздік оқырманы

29 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімі жыл қорытындысына арналған «Жылдың үздік оқырманы»  атты марапаттау рәсімін ұйымдастырды. Аталған шараның басты мақсаты — кітап оқу мәдениетін насихаттау, тұрақты оқырманның белсенділігін арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Жыл бойы кітапхана қызметіне белсене қатысып, түрлі іс-шаралар мен әдеби кездесулерден қалыс қалмай, білімге деген құштарлығымен ерекшеленген оқырман қауымы арнайы марапаттарға ие болды. Бұл — олардың кітапқа деген сүйіспеншілігі мен үздіксіз ізденісінің айқын көрінісі.

Салтанатты шара барысында үздік оқырманды кітапхана директорының орынбасары Галина Васильевна Савенкова марапаттап, жиналған қауымды құттықтады. Ол өз сөзінде кітапхананың қоғамдағы маңызына тоқталып, оқырман қауымның рухани дамудағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта да кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайтып, бірлескен мәдени-білім беру іс-шаралары жалғасын табатынын жеткізді.