21 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы 5510 әскери бөлімінде Отан шебін қорғап жүрген сарбаздарға арналған “Ел шебіндегі ерлер” атты тақырыптық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтарға құрмет көрсету, олардың ерлігі мен отансүйгіштігін насихаттау. Шара барысында патриоттық әңгімелер айтылып, сарбаздардың ел алдындағы жауапты қызметі атап өтілді. Бұл кездесу жастарға үлгі болып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды.



