Happy English

26 қаңтар «Happy English» балалар ағылшын клубының кезекті отырысы өткізілді. «Кітапханадағы цифрлық хикаялар» тақырыбындағы бұл отырыс, Storybook онлайн-платформасын пайдаланып ағылшын тілінде өз кітаптарыңызды жасауға арналған.
Сабақ барысында балалар аталмыш платформаның мүмкіндіктерімен, атап айтқанда: дайын үлгілерді таңдау, керек мәтін мен сіз қалаған иллюстрацияларды қосумен танысты. Балалар өз хикаяларын жасау барысында қолданған қарапайым ағылшын сөздері мен сөйлемдеріне ерекше назар аударылды.
Өзіндік қайталанбас кітап жазу процесі шығармашылық және достық көңіл-күйінде өтті. Балалар өз әңгімелеріне кейіпкерлерді үлкен қызығушылықпен ойдан шығарды.
Соңында қатысушылар өздерінің шағын кітаптарын ортаға ұсынып, бір-біріне үзінділерін оқып, өз әсерлерімен бөлісті.