29 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі, актер Сәбит Оразбаевтың 90 жылдығына орай «Жүректерде мәңгілік із қалдырған тұлға» атты тақырыптық сағат өткізді. Қазақстанның Халық әртісі Сәбит Оразбаев – қазақ театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Ол саналы ғұмырын сахнаға арнап, актерлік өнердің биік үлгісін қалыптастырды. Жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында Сәбит Оразбаев қазақ және әлемдік классикаға, сондай-ақ заманауи драматургияға негізделген 100-ден аса драмалық рөлді сахнада сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.






