30 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі күйші, композитор Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына орай «Күй анасы» ақпараттық көрме ұйымдастырды. Шараның мақсаты- қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұлттық музыкалық мәдениетті дәріптеу және жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген құрметін арттыру. Көрмеде орын алған «Қазақтың күй өнері», «Әсем қоңыр», «Дина мен Сейтек», «Дина» әдебиеттер оқырмандар қызығушылығын тудырды.



