30 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына тәжірибе алмасу және қала мен облыстағы кітапханалық қызмет көрсетудің озық үлгілерімен танысу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әріптестері келді. Әріптестер үшін кітапхана бөлімдері бойынша мазмұнды экскурсия ұйымдастырылып, кәсіби қызмет аясында облыстық кітапхананың жұмысы мен көрсетілетін қызметтері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Кездесу соңында қонақтар кітапханаға Айтбай Сәулебектің «Толғауы терең Тоқсан би» кітабын сыйға берді, ал өз кезегінде кітапхана директоры Қуаныш Ерғалиұлы өзінің авторлығымен шыққан кітаптарын келген қонақтарға сыйға тартты.






