Қаламы ұшқыр, жүрегі нұрлы тұлға

2026 жылдың 5 ақпан күні – жерлесіміз, қазақ жазушысы, публицист, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мағира Дәулетбекқызы Қожахметова 80 жасқа толады.
Осыған орай 30-қаңтар күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола Облыстық Әмбебап Ғылыми кітапханасының Ақпараттық – библиографиялық бөлімнің қызметкерлері №2 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушыларына ақпараттық сағат өткізді. Оқушылар жазушының өмірбаянымен және кітаптарымен танысты. Балаларға арналған «Балбұлақ» журналдарын тамашалады. Оқушыларға автор шығармашылығанан аздаған кітаптар ұсынылып, сұрақ-жауап жүргізілді. Мағира Дәулетбекқызы «Жылы шырай», «Күннің алтын сынығы», «Әлем-әуен», «Адам-құпия», «Жантәсілім», «Жападан жалғыз», «Менің шашылған энциклопедиям» т.б. кітаптардың авторы. «Балбұлақ» журналы мен «Дертке дауа» танымдық медициналық газетін шығарып келеді. Сонымен қатар өлкеміздің белгілі тұлғаларының мерейтойларына арналған «Уақытпен үндескен шығармалар» атты жылдық кітап көрмесі қойылды.