Әдеби дефиле

3 ақпан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі жас ұрпақтың бойында ұлттық киімге деген құрметті арттыру, ұлттық салт-дәстүрлерге деген ықыласты ояту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында «Жастар және сән» жобасы аясында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты әдеби дефиле өткізді.
Шараға Көкшетау қаласы бойынша Білім бөлімінің жанындағы «Алтын бала» балабақшасының бүлдіршіндері мен жетекшілері: Жұпар Қадырқызы, Цихоцкая Юлия Владимировна, Оспанова Айсулу Бергенбайқызы, Сарсембаева Динара Аманжоловна, сондай-ақ Көкшетау қаласының медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Ұлттық ою-өрнекпен әшекейленген фетр бұйымдары халқымыздың дүниетанымын, сұлулыққа деген көзқарасын бейнелейді. «Алтын бала» балабақшасының кішкентай сәнқой қыздары қолөнер шебері Динара Аманжолқызының туындыларынан дефиле ұсынып, ұлт тарихын бейнелейтін композиция көрсетті.