4 ақпан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Жанайдар Баймырзаұлы Мусиннің 90 жылдығына арналған «Көкшенің заңғар тұлғасы» атты әдеби кеш өтті.
Қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары жиналған кеш, Жанайдар Мусиннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, нар тұлғалы жерлестерін тану, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Кеш барысында Жанайдар Мусин жайлы деректер айтылып, жазушының көзін көрген Көкше азаматтарының жылы естеліктері баяндалды. Жазушының «Жер шоқтығы Көкшетау», «Туған үйдің түтіні», «Мандат» атты кітаптары таныстырылып, қысқаша мазмұны түсіндірілді.






