6 ақпан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандар үшін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «Бір қадам – зорлыққа қарсы!» атты акция өткізді. Акцияның мақсаты: зорлық-зомбылықтың түрлері туралы түсінік беру, оның алдын алу жолдарын талқылау, құқықтық жауапкершілік пен адам құқығы жөнінде ақпараттандыру. Іс-шара барысында зорлық-зомбылықтың физикалық, психологиялық, экономикалық және кибер түрлері туралы ақпарат берілді, зорлық-зомбылық жағдайында қайда және қалай көмек сұрауға болатыны бойынша түсінік берілді.
Қатысушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.





