М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның көпшілік іс-шаралар және қоғаммен баланыс бөлімі Дүниежүзілік қоршаған орта және экологтар күніне орай бейнеролик дайындады.
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні .Атаулы күн 1972 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының 27-ші сессиясында бекітілді. Ол қоршаған ортаны қорғауға көңіл аударуға бағытталған, өйткені біздің жеріміз – біздің ортақ үйіміз, болашақта біз балаларымыз бен немерелімізге не қалдыратынымыз тікелей бізге байланысты.