Тікелей эфирде АББ-і қорындағы өлкетану кітаптары бойынша ақпараттар берілді. Өлкетану бағытына арналған әдебиеттерге егжей-тегжейлі тоқталды. Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы авторларының кітаптары бойынша мазмұнды шолу жасалды. Негізгі назар драматург, жазушы, ақын, журналист, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Қажыбай Төлеген Сыздықұлының кітаптарына аударылды.